Таяу Шығыстан 9,5 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты өңірден 9 517 қазақстандық елге қайтарылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлауынша, азаматтарды елге қайтару жұмыстары мемлекеттік органдар мен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен жүргізілген.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтарын:
Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Сауд Арабиясы елдерінен эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал мына Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен қазақстандықтар шығарылып жатыр.
Министрлік өкілдері Қазақстанның аймақтағы дипломатиялық миссиялары отандастармен тұрақты байланыста екенін және қажетті көмекті көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Еске салсақ, 28 ақпанда Израиль Тегерандағы нысандарға соққы жасай бастады. Осыдан кейін АҚШ президентіТрамп Иранға қарсы ауқымды әскери операция басталғанын мәлімдеді.
Қақтығыс салдарынан, Қазақстаннан Таяу Шығысқа бағытталған бірқатар әуе рейстері тоқтатылды, өңірдегі көптеген елдерге қауіпсіздік режимі күшейтілді.