Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:20

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр

1
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 4700-ден астам қазақстандық елге оралды.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды құрлық арқылы да шығару ұйымдастырылып жатыр. Қазақстанның шетелдегі мекемелері 6 наурыз күні «Заркух» компаниясының қызметкерлері болып табылатын жеті Қазақстан азаматын Иран–Армения шекарасына жеткізуді ұйымдастырды.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Заркух» компаниясы қалған 16 Қазақстан азаматын да дәл осы бағытпен эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы, Ираннан 66 қазақстандық елге қайтарылды.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына әскери қақтығыс толық тоқтап, жағдай толық тұрақталғанға дейін төмендегі елдерге барудан уақытша бас тартуды қатаң түрде ұсынады:

Бахрейн;

Мысыр;

Израиль;

Йемен;

Иордания

Ирак;

Иран;

Катар;

Сауд Арабиясы;

Кувейт;

Ливан;

Біріккен Араб Әмірліктері;

Оман;

Сирия.

Тегтер: