Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:45

Таяу Шығыстан Қазақстанға тағы 1,8 мыңға жуық адам оралды

самолет летит
Фото: azattyq-ruhy.kz

8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 11 әуе рейсі келіп, олардың бортында 1 786 жолаушы елге жеткізілді.

 Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары орындаған. Сондай-ақ 8 наурызға қосымша бірнеше рейс жоспарланған, оларды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады.

Қанша қазақстандық елге оралды?

3 наурыздан бері жүргізіліп жатқан эвакуация операциясы басталғалы Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 әуе рейсі орындалды. Осы уақыт ішінде 6 254 адам елге қайтарылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иранда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар Армения арқылы эвакуацияланғанын хабарлаған.