Тәжік қаламгері: Үш әдеби форум өткізген Қазақстан бәрінен басып озды

Нұр-Сұлтанда өткен Азия елдері қаламгерлерінің І форумыаяқталды. Салтанатты жабылуына Мəдениет жəне спорт министрдің орынбасарыНұрғиса ДӘУЕШОВ қатысып, министр Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВАНЫҢ құттықтау сөзін оқыпберді.
«ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»бағдарламасының аясында өткізіліп отырған алқалы жиында бас қосқан Нобельсыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің лауреаттары, ұлттық,мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, еліміздің талантты қаламгерлері әлемдітербеп, адами құндылықтарды насихаттауда байырғы мұраларды, мифтік бейнелердіжаңғырта пайдаланудың маңызы зор. Азия өркениеті туралы сөз болғанда бірденойға оралатын Ұлы Жібек Жолының экономикалық маңызын ғана емес, оның тұтасөркениеттерді тоғыстыратын күшке ие болғанын ескеру қажеттігін баса көрсеткен Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өз баяндамасында Азия әдебиетін одан әрі дамытуүшін бірқатар маңызды мәселелерге қаламгерлердің назарын аудартты. Мемлекетбасшысының «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындау және Азияқаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құру туралы білдіргенұсыныстары баршамызға ой тастап, серпін бергені анық» депті құттықтауындаАқтоты Райымқұлова.
Форум нәтижесі Азия елдері қаламгерлеріне бірыңғай әдебиплатформа орнату, қаламгерлердің шығармаларын насихаттау еді. Ол жағынан бұлфорум қандай жетістікке жететінін алдағы уақыт көрсетеді. Азия елдері жазушылародағының басшылары өзара меморандумға қол қойып, бірлесіп әдеби журналшығаратын болды.
Тәжікстан Жазушылар одағының төрағасы Низом КОСИМ: «Форум бірлескен жұмыстардың әрі қарайғыжоспарын белгілеу үшін өте ыңғайлы алаң болды. Біз алдағы уақытта әдебижурналдар мен газеттердің бірлескен нөмірін шығаруға уағдаластық. Бұлоқырмандарымыздың өзге елдердің, көршілерінің әдеби шығармашылығымен танысболуы үшін жасалады. Меніңше, бұл да халықтарымызды жақындастыра түсугесептігін тигізеді», – деді.
Форумның үшінші күні Азия елдерінің жас қаламгерлеріменкездесу өтті. Онда ақын-жазушылар бір-бірінің шығармаларын аудару мәселесінталқылады. Түркиядан келген Мехмед ПАРМАКСЫЗ:«Біз аудармашыларды дайындау үшін жастарды оқытуымыз керек. Онсыз аударма ісіалға баспайды. Бір-біріміздің елімізге жастарды оқу жіберсек, сонда аудармажолға қойылады» деді.
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен ҚУАТ:«Осы форумға дайындық кезінде біз келетінқонақтарымызды зерттеп, газетімізде насихаттадық. Сонда Ко Ын, Мэнд-Ооёо сияқтыатақты жазушыларды болмаса, көбіңізді интернеттен таба алмадық. Сіздерденөтініш осы жолы елдеріңізге барғанда осы форум туралы кеңінен жазсаңыздар.Сосын өздеріңіз туралы ақпарат жазып, бізге жіберсеңіздер. Біз де сіздергеөзіміздің шығармашылығымыз туралы жазып жіберейік» деп ұсыныс айтты.
Азия елдері қаламгерлерінің форумының сәтті өткенінайтты. Баяндамашылардың сөздері қазақ тіліне аударылып, кітап болып шығады.
«Кеңестіккеңістіктен шыққан Жазушылар одағының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – өзгеелдермен, әсіресе бауырлас республикалармен мәдени байланысты жолға қойып,нығайту. Бұл орайда Қазақстан бәрімізді басып озды. Бұл елдеріңізде өтіп жатқаносымен үшінші халықаралық әдеби шара болып отыр. Мен оның екеуіне қатысқанедім. Тамаша әсер алдым», — деді Носим Косим.
Форумның жабылу салтанатында делегаттарға сертификат пенестелік сыйлық табысталды.
Фотоны авторұсынды.