Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:04, 21 Шілде 2021

Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды - БАҚ

None
None

20 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы — 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің мәлімет бойынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтарған, ол Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада емделген.

Рахмонова 21 шілдеде елдің оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленеді.

Қазаға байланысты Тәжікстан үкіметі ел президентіне, оның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, 5 шілдеде Тәжікстан президентінің жұбайы, 88 жастағы Өзбекби Асадуллоева коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болған еді.

Тегтер: