Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:24, 09 Тамыз 2023

Тәжікстандағы жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

None
None

Тәжікстанда 6 тамыз күні кешкісін болған жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.

Бұл туралы Asia-Plus порталы хабарлады.

Оқиға Душанбе-Колоб-Хорог тас жолының Хатлон облысы арқылы өтетін бойында болды. Мұнда жүк көлігі бірнеше жеңіл көлікті басып өтіп, үйлерді соққан.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан. Қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы дереккөз апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алғанын хабарлады. Зардап шеккендердің екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, қалғандары ауруханаға жеткізілді.

Республика Президенті жанындағы Төтенше жағдайлар комитеті 14 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Тегтер: