Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:35

Тәжік-Ауған шекарасында атыс: Қытайдың үш азаматы қаза тапты

1
Фото: mfa.tj

2025 жылғы 26 қарашаға қараған түні Хатлон облысының Шамсиддин Шохин ауданында орналасқан «Ёл» шекара отрядының «Истиклол» 1-шекара заставасы аймағында Ауғанстан жағынан қарулы шабуыл жасалды. 

Бұл туралы Тәжікстан билігі хабарлады.

Шабуыл қытайлық «Шохин СМ» компаниясының қызметкерлеріне бағытталған. Қару-жарақ және граната тиелген дрондар қолданылған шабуылдың салдарынан компанияның Қытай Халық Республикасының үш азаматы қаза тапты.

Ресми мәлімдемеде Тәжікстан тарабы соңғы жылдары шекара аймағында тұрақтылықты сақтап, Ауғанстанмен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға күш салып келе жатқанын атап өтті. Алайда көрші ел аумағында орналасқан қылмыстық топтар шекаралық аймақтарды дестабилизациялауға бағытталған әрекеттерін жалғастырып отыр.

Тәжікстан билігі бұл қылмыстық топтардың әрекеттерін қатаң айыптап, Ауғанстанның қазіргі билігін шекарадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауға шақырды.

Тегтер: