Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:00

Тәжікстан Reuters агенттігінің Ресей мен ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады деген ақпаратын жоққа шығарды

Эмомали Рахмон
Фото: Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Reuters агенттігі Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Ресей әскерін ҰҚШҰ арқылы шекараға жіберуін сұраған деп хабарлаған болатын.

Бұл мәлімдеменің себебі – соңғы кездері Ауғаныстаннан жасалған шабуылдар, нәтижесінде бес қытай азаматы қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған еді.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз басқармасының басшысы Шохин Самади Asia-Plus басылымына:

«Жақын арада ресми жауап берілетін болады. Reuters бұл жаңалықты жариялай отырып, оқырмандарын адастырып отыр», - деп мәлімдеді.

Қытай азаматтарына жасалған екі шабуыл

26 қарашаға қараған түні Тәжікстанның Шамсиддин Шохи ауданында «Шохин СМ» алтын өндіру компаниясы қызметкерлерінің базасына қарулы шабуыл жасалды. Тәжікстан СІМ мәліметінше, шабуыл Ауғанстан аумағынан жасалған. Оқ ататын қару және гранатамен жабдықталған дрон қолданылған, салдарынан компанияда жұмыс істеген үш Қытай азаматы қаза тапты.

Екінші оқиға: Дарваздағы жол жұмысшыларының өлімі

30 қарашада ГБАО-ның Дарваз ауданында екі қытайлық жұмысшысы қарулы шабуылдан қаза тапты. Шабуыл Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын Шодаки ауылында болған. Radio Ozodi дереккөздерінің хабарлауынша:

  • шабуыл шекараға таяу аумақта жасалған,

  • кей ақпарат бойынша, оған талибтердің шекара қызметі бөлімшелері қатысуы мүмкін,

  • шабуылдың нақты себебі белгісіз.

Қытайдың реакциясы

30 қараша кешінде Қытайдың Тәжікстандағы елшісі Го Чжицзюнь Тәжікстан СІМ басшысы және ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарымен телефон арқылы сөйлесті. Қытай тарапы, соңғы шабуылдар Қытай бизнесі мен қызметкерлерінің қауіпсіздігі мәселелерін көтерді. Елші Душанбе тарапын ҚХР азаматтарын қорғау үшін барлық қажетті ресурсты пайдалануға шақырды.

Тәжікстан шабуылдарды қатаң айыптап, Қытайдың қауіпсіздікке қатысты талаптарына ерекше мән беретінін мәлімдеді.

Тегтер: