Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:29

Тәжікстанда күштік құрылымдарда ауқымды кадрлық өзгерістер болды

Эмомали Рахмон
Фото: Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 16 қаңтар күні елдің бірқатар күштік және құқық қорғау органдарында кадрлық ауыс-түйістер жүргізді. Өзгерістер қорғаныс саласымен қатар, ұлттық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін құрылымдарды қамтыды.

Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қорғаныс министрлігіне қарасты «Қорғанысқа көмек» мемлекеттік мекемесінің басшысының бірінші орынбасары қызметіне жаңа тұлға тағайындалды. Сонымен бірге Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен Қарулы күштердің Бас штабы, шекара әскерлері, Ұлттық гвардия, Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Әділет министрлігінің қылмыстық жазаны атқару бас басқармасы, сондай-ақ қауіпсіздік органдарының бірқатар бөлімшелерінде басшылық құрам жаңартылды.

Бұдан бөлек, Мир Саид Әли Хамадан, Даңғар, Вахш, Әбдірахман Жәми, Яван және Шахристан қалалары мен аудандарына жаңа әскери комиссарлар тағайындалды.

Ресми мәліметке сәйкес, кадрлық шешімдерден кейін мемлекет басшысы күштік құрылым өкілдерімен кездесу өткізген. Жиында қарулы күштердің әскери дайындығы, тәртіп пен жауапкершілік мәселелері талқыланып, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар жүктелген.

Тегтер: