Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:45

Тегеран Германияда өтіп жатқан қауіпсіздік конференциясын “Мюнхен циркі” деп атады

1
Фото: из открытых источников

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Германияда өтіп жатқан Мюнхен қауіпсіздік конференциясын Иран мәселесі талқыланғанда “мюнхен циркі” айналады деп сынға алды.  

Аракчидің мәлімдеуінше, ирандық делегацияның конференцияға қатысуына рұқсат берілмеген. Ал жиынға 1979 жылы тақтан құлатылған Иран шахының ұлы Реза Пехлеви қатысып отыр. Ол бұған дейін Ирандағы тәртіпсіздіктерді қолдауға шақырған.

“Әдетте салмақты өтетін Мюнхен қауіпсіздік конференциясының Иран тақырыбы қозғалғанда циркке айналуы өкінішті”, – деп жазды Аракчи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Иран дипломатының пікірінше, еуропалық елдердің шенеуніктері қазіргі таңда абдырап отыр, өйткені олар Иран ішіндегі процестерді түсіне алмайды. Ол сондай-ақ Еуропалық Одақтың Таяу Шығыстағы геосаяси ықпалы әлсірегенін айтып, Германия аймақтық саясатын толықтай Израильге тәуелді етіп қойды деген пікір білдірді.

Аракчидің сөзінше, қазіргі жағдай ЕО мен “еуротройканың” (Ұлыбритания, Франция және Германия) Иран мен АҚШ арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердегі ықпалының әлсіздігін көрсетеді.

Тегтер: