Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

Тегеран маңындағы мұнай зауытына соққы жасалды

Мұнай зауыты
Фото: aa com

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тегеран маңындағы мұнай инфрақұрылымына әуе соққысы жасалған. Жарылыстардан кейін мұнай қоймалары орналасқан аудандарда ірі өрт шыққаны туралы мәлімет тарады.

Халықаралық медиалар мен аймақтық басылымдардың жазуынша, шабуыл Тегеранның оңтүстігіндегі энергетикалық нысандарға бағытталған. Куәгерлер аспанға қою түтін көтерілгенін және бірнеше жарылыстың болғанын хабарлаған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, соққы мұнай сақтау резервуарлары мен жанармай инфрақұрылымына тиген болуы мүмкін. Кейбір сарапшылар шабуыл Тегеран маңындағы Шахр-е-Рей мұнай өңдеу аймағына жақын жерде жасалғанын айтады. Бұл – Ирандағы ірі энергетикалық кешендердің бірі.

Әзірге Иран билігі шабуылдың нақты көлемі мен келтірілген шығын туралы ресми мәлімет жариялаған жоқ. Сондай-ақ мұнай өңдеу зауыты толық жойылғаны жөнінде расталған ақпарат жоқ.

Айта кетейік, соңғы күндері Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс күшейіп отыр. АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы бірқатар нысандарға соққы жасап жатқанын мәлімдесе, Иран тарапы да жауап шабуылдары туралы хабарлаған.

Тегтер: