Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:40

Тегеранда 2,5 млн адамды сыйдыра алатын бомбаға қарсы аймақ дайындалып жатыр

Тегеран
Фото: ашық дереккөз

Иран астанасы Тегерандп ықтимал әскери қауіп-қатерге байланысты кең көлемді қорғаныс инфрақұрылымы әзірленуде.

Қала аумағындағы 300-ден астам жерасты нысаны, соның ішінде автотұрақтар мен метро станциялары бомбаға қарсы паналар ретінде пайдаланылмақ. Бұл нысандар шамамен 2,5 миллион адамды қабылдай алады.

Бұл туралы Тегерандағы дағдарыстарды басқару ұйымының басшысы Али Насири SNN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 82 метро станциясы арнайы паналау орны ретінде белгіленген. Жақын уақытта аталған нысандар бойынша ақпараттық тақталар мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

«Қажетті дайындық жұмыстары толық аяқталған соң, 2,5 миллионға жуық адамды сыйдыра алатын бомбаға қарсы паналар жүйесі іске қосылады», – деді Али Насири.

Айта кетейік, 26 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иран бағытына «алып армада» жолға шыққанын мәлімдеген болатын. Ол Тегеран «әділ әрі тең құқықты келісімге» қол қояды деген үмітін білдірді.

Сонымен қатар Трамп 2025 жылдың маусымында Иранның ядролық нысандарына жасалған соққыларды еске алып, бұл жолғы ықтимал шабуылдың «одан да ауыр болуы мүмкін» екенін атап өтті.

Ал Тегеран Вашингтонның бұл мәлімдемесіне жауап ретінде АҚШ пен оның одақтастарының Таяу Шығыстағы әскери инфрақұрылымына соққы беруі мүмкін екенін ескертті.