“Тек уәде етеді”: Шыңғыс Мұқан экс-әкім Досаевтың жұмысын қатты сынады

«Мазмұндама» баспасының директоры Шыңғыс Мұқан Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевқа қатысты пікір білдіріп, Facebook парақшасында сыни жазба жариялады.
Жазбасында ол экс-әкімнің атқарған істеріне тоқталып, қоғам тарапынан айтылған сындарға өз көзқарасын білдірген. Шыңғыс Мұқанның айтуынша, қала әкімінің жұмысы тек инфрақұрылыммен шектелмей, қоғаммен диалог орнату, қала тұрғындарының сеніміне ие болу сияқты маңызды міндеттерді де қамтуы тиіс.
Шыңғыс Мұқан әкімнің қызметіне жалпы баға беруден гөрі, қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей ықпал ететін нақты түйткілдерді алға тартты. Оның пайымдауынша, шенеунік қызметінен кеткеннен кейін пікір білдіру — орынсыз әрекет емес, керісінше, кез келген азаматтың қоғам алдындағы құқығы мен жауапкершілігі.
— Серік Абас-шах пен профессор Асқар Жұмаділдаев сейілдейтін Есентай өзенінің жағалауы әл-Фараби даңғылының астынан өтеді. Сол бір көпірді бітіре алмай жатқанына неше жыл болды?! Одан бөлек, сол арада жоғарыға шығатын қыр бар. Жылда жөндейді. Өрнектасы жылда шашылып қалады, – деп жазды Мұқан.
Екінші көтерілген мәселе — қаланың шет аймақтарындағы жолдардың жай-күйі.
— “Мазмұндаманың” қоймасы қаланың сыртында. Абай көшесі күнде арқылы кітап тасимыз. Абай мен Райымбек ауылдарын кесіп өтіп, Айналма жолға қосылатын жолды аяқталады деп жыл сайын екі рет әуеде етеді де, екі рет кейінге қалады. 2 трлн теңгеден астам бюджетімен қаланы алтын жалатып қоюға болар еді. Жылына кемі 100 млн теңге салық төлеуші ретінде де айтуға қақым бар деп ойлаймын, - деді ол.
Еске салайық, 24 мамыр күні Ерболат Досаев ресми түрде Алматы әкімі қызметінен босатылды.