Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:34, 20 Шілде 2020

Текеліде жеке кәсіпкер 10 000 тегін маска таратты

Текелі қаласының тұрғыны,кәсіпкер – Насыр Құрманбек 10 мың дана медициналық бетперде тарту етті.

Жалпы айтқанда,жекекәсіпкердің айтуынша, бетперделердің жалпы сомасы – 1 млн 300 мың  теңгеге сатып алынған. 

Бүгінде еріктілер тобыбетперделерді мұқтаж жандарға, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылғанотбасыларына таратып жатыр. Сонымен қатар, індетпен күресуде алдыңғы шептежүрген медицина қызметкерлеріне 2 мың данасы үлестіріліп жатыр. 

Жалпы қайырымдылық акциясыТекелі қаласының барлық мекемелері мен жоғарыда айтылған әлеуметтік топ өкілдерінтолықтай қамтыды.  Кәсіпкер төтеншежағдай режимі енгізілгеннен бастап өз қолынан келген көмегін көрсетіп келеді.  Нақты айтқанда, карантин кезінде Текеліқаласына қойылған санитарлық бекетке және Текелі қалалық орталық ауруханасына денеқызуын өлшейтін тепловизорлар сыйға тартқан болатын.

ЕркежанАРЫН

Тегтер: