Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:40, 23 Маусым 2023

Телефон терроршысы жазаға тартылады

None
None

Жалған ақпарат қылмысқа ұрындыратынын біле тұра бейқам елді смартфон арқылы лаңкестік әрекетке иландырушылар азаймай отыр.

Мұндай қаскөйлердің жазасы жеңіл емес.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, телефонмен жалған мәлімет беретіндер жеңіл ойлы азаматтар. Олар осындай қадамға көбіне ермек үшін, әзіл ретінде, немесе ішімдікті сімірген кезде барады. 2022 жылдың 5 айында 12 іс сотқа жолданған. Жауапқа тартылғанда ішімдіктің салдарынан осындай әрекетке барғанын мойындаған. Былтыр 19 адам тіркеуге алынды. Олардың 15-ін еш жерде жұмыс істемейтін азаматтар болып шықты. Соңғы кезде қылмыстың сипаты өзгергенін айта кеткен жөн. Қылмыскерлер лаңкестік оқиғаны енді дұшпандарынан кек алу үшін екінші адамның атынан жасауға дағдыланған. Өкініштісі, мұндай мәліметтер күн сайын көбею үстінде. 2022 жылы террорлық акті бойынша 73 ақпарат түскен. Былтырғы 5 айда осы санаттағы қылмыс түрі 72-ге жеткен.

Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма басшысының орынбасары Спартак Қабденовтың мәлімдеуіне қарағанда, мұндай қылмыстарды жеделдетіп ашу қиынға соғады. Өйткені ақпаратты тыңғылықты зерттеу көп уақыт алады. Наурыз айында көлік полиция департаменті мен Қостанайдағы полиция өкілдері Алматы және Астана қаласындағы 36 объектінің электронды пошталарына жалған хабарлама жіберген. Қостанайлық азамат дереу тұтқынға алынып, ісі сотқа жолданды. Қылмыстың бұл түріне енді балалардың ұрынуы зор алаңдаушылық туғызады. Атыраулық оқушы сабақ үстінде мектептің электронды поштасына лаңкестік сипатындағы хабарлама жолдаған. Өткен жылы республика бойынша 12 қылмыстық іс сотқа жолданып, 5-еуіне сот үкімі шыққан, екеуі бас бостандығынан айырылды. Ал бір адам шартты мерзімге сотталды. «Заң талабы бойынша жасы он төртке толған бала жауапкершілікке тартылады. Мұны әрбір ата-ана қаперде ұстағаны абзал» дейді тәртіп сақшылары. Себебі кейінгі уақытта осындай қылмысты жасөспірімдердің қасақана ұйымдастыруы белең алып бара жатқан көрінеді.

Тегтер: