Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:15, 02 Шілде 2020

Телекеңістік: не істеп жетістік?

   Өз уақытында  Алаш  көсемдерінің бірі Ахмет  Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.
Адамғакөз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұртбасқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқсоқыр секілді», – деп еді. Шүкір, бүгінгі қазақтың  көзі ашық, көкірегі  ояу. Талғамшыл.Нені  оқимын,  нені көремін, қайсысын  тыңдаймын деп кергісе де  болады. Өйткені елімізде газет-журнал  жеткілікті. Телеарна мен радио желілері де  баршылық. Дегенмен  қазіргі кезде   газеттің  күні өтіңкіреп, басымдық  «көк жәшікке»  берілген. Әсілі,  бүгінгі ұрпақты (әлемжелі  туралыәңгіме  басқа)  телеарналар тәрбиелеп отыр  десек қателеспейміз. Ұлттық  сананы оятуда,  қоғамдық  пікір  қалыптастыруда  электронды ақпарат  құралдары оқ  бойы алда тұр.  Хош  делік. Санамаласақ,  елімізде  телеарналар баршылық. Республикалық  деңгейді былай  қойғанда, әр облыстың,тіпті ірі шаһарлардың  өз  арнасы бар. Бірақ  солардың бәрі ұлттық  идеологияны қалыптастырып  отыр  ма? Әлде уақытты толтыру  үшін тек бұралқы  қалжың мен ән-күйге ерік берген бе?Мәселе  сонда. Сондай-ақ халық  отандық телеарналардың  өніміне тұшынатын  болса, кабельдік желіде  толып  тұрған Ресей арналарына (телекеңістікті қорғау  мәселесін алдағы  уақытта сөз етпекпіз) неге ұмтылады? Демек,  отандық  телеарналар көрермен көңілінен шыға  бермейді деген  сөз. Әрине,  бұл жеке тақырып.  Күні кеше республикалық көлемде ақпараттарататын «Абай»  телеарнасының тұсауыкесілді.  Қыркүйек айында  «Әл-Фараби» телеарнасы ашылмақ.  Екі арнаның да  мақсаты – мәдени  мұраларды һәм оқу-ағарту  саласын насихаттау.  Керек-ақ  дүние. Бірақ осы ашылып  жатқан арналарқаншалықты  өміршең болмақ?  Берілген миссияны  орындай ала ма?  Әлде   бұған дейін ашылып-жабылған «Білім» және «Мәдениет» арналарының  кебін кие ме? Күмән  бар.  Белгілі журналист, қоғам белсендісі ДинаЕлгезек  өзінің  Facebook-тағы парақшасында былай  дейді: «Елімізде 25 телеарна бар. 18 млн тұрғыныбар шағын мемлекетке бірін-бірі қайталай беретіносынша телеарнаның қажеті бар ма, өзі?! Мәселен, «Хабар» мен ұлттық арнаның біржылдық бюджеті – 49 млрд теңге. Оған «Нұр Отан» партиясының насихатынжүргізетін «Астана» каналы мен «Хабардың» жаңалығын езіп, қайталай беретін«Хабар 24»-ті қосыңыз. Айтпақшы, мемлекеттен қаржы алатын президенттің радиокешенітағы бар екен ғой. Мемлекеттің ақпараттық саясатын жүргізетін «төрттікке»көрермен тарапынан сұраныс бар ма, өзі?! Бұл не деген батпан құйрық?! Әлдеқазақстандық салық төлеушілердің қалтасы «резина» ма?!
Ресейдің мүддесі үшін құрылған «ОРТ-Еуразияны» негебіздің салық төлеушілеріміз асырауы тиіс? Шетелдік қазақтар үшін арнайы ашылған«Қазақ ТВ» неге орыс тілінде ақпар таратады? Ағылшын және ұлт тілінде хабартаратса жетіп жатыр емес пе? Бюджетті сырттан қарыз алып жауып, қаржы менэкономикасы шатқаяқтап отырған мемлекетке тағы да «екі арна ашамыз» деу недаурығу?! Дәл қазіргі қысылтаяң шақта екі арна ашуға нендей қажеттілік бар?!Кезінде жап-жақсы жұмыс істеген «Мәдениет» және «Білім» арналарын неге жапты?!    Күнікеше  мемлекет басшысы жер-көкті жайлағаніндетпен күресте ақпараттық идеологияның тиісті деңгейде жүргізілмегенін сынадыемес пе?!«Әйтеуір, саны бар, сапасы жоқ арналар, арынықатты, ақылы аз басшылар».  Орынды  пікір. Шындығында,  қазір  халықты індет қысып, дәрі-дәрмекке зар  болып, қорғаныс  (медициналық) құралдарына  қолы  жетпей отырғанда, миллиардтаған  қаржышашып,  телеарна  ашудың қаншалықты  қажеттігі  бар? Жұмыс істеп  тұрған  телеарналарды тиімді пайдалансақ,  сол да жеткілікті  емес пе? Алқарайған  қаржыны халықтың  денсаулығын күйттеуге неге бұрмасқа? Ушыққанпандемиядан жанын қалай арашалап аламын деп, алысқан халыққа  дәл  қазір ашылған қос телеарна   шипа  бола қояр ма  екен?

  Күлтегін БЕК

Тегтер: