Темірғали Көпбай: Саған Құран бағыштап отырамын деп пе едім

ҚАДІРТҮНІНДЕГІ ДҮҒА
Алтындай інім Бейсен Құранбектің қазасына
Қадыр түні.
Қайғырдым.
Кібісенің басы мұң.
Қабырғамнан сөгілдім.Қайратымнан жасыдым.
Саған Құран бағыштап отырамын деппе едім…
Айналайын інім-ай, арда туғанасылым!
Қайтсем екен өксіткен жүректегішеменді,
Қадір түнгі дұғамды естірмісіңсен енді.
Қара жерге тапсырып сенің асылденеңді,
Қасірет қой, қасірет – жазғанмынау өлеңді.
Басқа түссе баспақшыл… Түн сейіліп,таң келер.
Енді өзіңсіз дүниеге таңдарқалай сән берер?
Айтуға оңай болғанмен… Қиын,қиын бұл тағдыр,
Сендей адам болмаса қиналғанғадем берер.
Қайратыңды халқыңа арнау еді-ауарманың,
Қарекетпен талайдың ақ үмітінжалғадың.
Жылағанның көз жасын құрғатамдеп, ардағым,
Жүрегіңе салдың-ау дүниеніңсалмағын.
Қадір түні.
Қасірет.
Көп-ақ біздің күнәміз,
Жақсылығын жақсының өлгенненсоң ұғамыз.
Айналайын інім-ай, жолдасболсын иманың,
Қолдан келер қайран жоқ…
Қабыл болғай дұғамыз!
Қабыл болғай дұғамыз!
Темірғали КӨПБАЙ,
Халықаралық«Алаш» әдеби
сыйлығыныңлауреаты