Теміртау қашан түлейді?
Көлік жолдары тозып, аулалары ескірген металлургтер шаhарының тұрпаты қашан жаңарды?
Құрыш қала тұрғындарын алаңдатқан осы тақырып кеше облыс әкімімен кездесуде ашық талқыға салынды. Ел алдына есеп беруге шыққан Теміртау қаласының әкімі халықты соңғы ақпаратпен хабардар етті. Оның айтуынша, 6,7,8 және 70-ықшам аудандарға, сондай-ақ Бейбітшілік, Металлургтер алаңы мен Уәлиханов, Абай, Бәйсейітова, Чернышевский, Әбдіров, Қазақстан көшелеріндегі аулаларға жаңа балалар алаңы салынады. Қалада бұқаралық спортты жандандыру шаралары қатар жүргізіледі. Биыл 10 футбол алаңы, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген үш жаңа спорт алаңы бой көтереді. Мұның сыртында, ит серуендетуге арналған екі алаң пайдалануға беріледі. Маусым айынан бастап мұнда 52,5 шақырым көлік жолы өңдеуден өтеді. Көшеге бейнебақылау орнату, жарық шамдар қою жұмысы жалғасады.
Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекбаевтың Теміртаудағы кездесуіне арнайы келген қанаттас Ақтау елді мекен тұрғындары толғақты мәселеге айналған орталықтандырған жылу қазандығындығынүздіксіз жұмыс істетуді сұрады. Атқарушы билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазандықты жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжат бүгінде мемлекеттік сараптамаға жолданды.