Теміртауда көлікке көз тіккен қаршадай қарақшылар құрықталды
Соңғы кезде құрышылар шаhарының бірқатар тізгіншілері көлік номерлері ұрланғанын жеткізіп, полицияға дабыл қаққан.
Шағымданушылардың деректерін негізге алған тәртіп сақшылары жұмбақ қарақшыларды аз уақытта «қақпанға» түсірді. Жекеменшік автокөлік иелерін зар илеткен жұмбақ кейіпкерлер- металлургтер қаласының қаршадай әккілері болып шықты. Топтасқан ұрылардың үшеуі де, кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушылары екен. Оның бірі-қыз, екеуі ұл бала. Бұғанасы бекімеген кішкентай ұрылар ұзын-ырғасы 7 көліктің номерін олжалаған. «Баланың ісі шала» демекші, адалдықтан гөрі, аңқаулығы басым жасөспірімдер өздері қолды еткен темір көліктің номерін иелеріне сатып алуды ұсынған. Қазіргі уақытта суық қолды өрендердің үстінен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.