Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 17 Наурыз 2021

Теміртауда күйік алған кенші қайтыс болды

None
None

Дәнекерлеу жұмысы барысында орын алған жарылыстың салдарынан  күйік алған 1970-жылы туған Олег Кузецов қайтыс болды.

Ауыр жағдайдағы кеншіні   облыстық Мақажанов атындағы көп салалы клиникасының дәрігерлері орынынан қозғамай  ем-дом көрсетті.

— «Науқастың  жағдайы өте ауыр күйде болды.  Оның денесінің 95 пайызын күйік шалған. Біздің тарапымыздан жасалған жан-жақты сауықтыру  шараларына қарамастан, ол  3-күні қайтыс болды»- деп мәлімдеді,  клиниканың  травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров.

Ал, зардап шеккен  екінші кенші  Мақажанов атындағы клиникада емделіп жатыр. Оның тұла бойының 25 пайызын күйік шарпыған.

Естеріңізге сала кетейік, 11- наурызда «Арселор Миталл-Теміртау» металлургиялық зауытына қарасты № 2-жылу энергия орталығындағы дәнекерлеу жұмысы кезінде бояу құйылған бөшке атылып, екі кенші жарақат алған еді.

Ұқсас материалдар: 

«АрселлорМиттал Теміртауда» жарылыс болды

Апаттың салдарын зерттеу басталды

Апатты үйлердегі алаң жұрт

Тегтер: