Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:49

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының қатарына енді

Темірлан Анарбеков
Фото: "Қайрат" ФК

Алматының Қайрат клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі бойынша ең үздік қақпашыларына қатарына енді.

Жалпы кезеңге қатысқан командалардың қақпашылары арасында жасалған сейвтер санына қатысты жарияланған статистикаға сәйкес, қазақстандық футболшы көшбасшылардың қатарынан көрінді.

Сегіз турдың қорытындысы бойынша Темірлан Анарбеков қарсыластар соққысын 36 рет қайтарып, барлық командалар қақпашылары арасында үздік нәтиже көрсетті.

Рейтингтің бірінші орнын норвегиялық «Бодо Глимт» клубының ресейлік қақпашысы Никита Хайкин иеленді – ол қақпаға бағытталған 49 соққыны қайтарды. Екінші орында мадридтік «Реалдың» бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа (41 сейв).

Анарбековтен кейінгі орындарға француздық «Марсель Олимпик» клубының аргентиналық қақпашысы Херонимо Рулли (36 сейв) және Праганың «Славия» клубынан чехиялық Йиндржих Станек (34 сейв) жайғасты.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы екі ойында «Қайрат» қақпасын Шерхан Қалмырза қорғап, ол 11 сейв жасаған.

Еске салсақ, Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы жалпы кезеңнің соңғы матчында «Қайрат» сырт алаңда лондондық Арсенал командасына 2:3 есебімен есе жіберді. Жалпы кезең қорытындысы бойынша алматылық клуб сегіз ойында бір ғана ұпай жинап, 32-орын алды.