Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:40, 10 Сәуір 2025

Темірлан Еңсебек сотында бірнеше белсенді ұсталды

темірлан еңсебек
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында сатиралық Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Енсебекке қатысты сот процесі жалғасуда. Оған ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылып отыр.

Бүгінгі отырысқа журналистер кіргізілді, бірақ тікелей эфирге шығуға рұқсат берілген жоқ. Бұған дейін сот ашық деп жарияланғанына қарамастан, құқық қорғаушылар, белсенділер, тіпті кейбір куәгерлер сот залына кіре алмай, дәлізде қалдырылған еді. Билік өкілдері бұны орын жетіспеушілігімен түсіндірген. Жиналғандар наразылық білдіріп, «Ашық сот!», «Темірланға бостандық!» деп ұрандатты.

Бүгін де белсенділердің бір бөлігі залға кіре алмай, дәлізде қалған. Наразылықтар кезінде бірнеше адам ұсталды, олардың арасында Темірланның қызы Мария Кочева да бар.

Сот отырысында Темірланға қатысты тергеу жалғасты. Кеше оны СИЗО-дан сотқа жеткізу уәде етілсе де, тағы да бейнебайланыс арқылы қатыстырылды.

Адвокат Жанара Балгабаева қорғауындағы адаммен сөйлесуге мүмкіндік болмағанын айтты — сот тек 10 минут бөлген. Ол сондай-ақ, тергеудің бар болғаны 15 күнде аяқталғанын еске салып, соттың үкім шығаруға асығып отырғанын жеткізді.