Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:38, 09 Қараша 2023

Теміртауда 2 жасар сәбиін өлтірген әке өмір бойына сотталды

Сот үкімі
Фото: из открытых источников

Сот үкімі жария болды

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Теміртау қаласында өз ұлын өлтірген ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Патриот» Телеграм-арнасының жазуынша, сот үкімі жария болды.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтесін», - делінген сот ұкімінде.

Екі жасар баланың жүрегіндегі пышақ жарақатынан бөлек, қолы да сынғаны анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы наурызда 24 жастағы ер адам екі жасар ұлын өлтіріп, қашып кеткен болатын. Ол бір күннен кейін табылды