Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:10, 29 Тамыз 2024

Теміртауда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағандардың үкімі өзгертілді

полиция
Фото: из открытых источников
Прокурордың өтінішхаты бойынша Теміртау қаласында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау туралы іс бойынша үкім өзгертілді. 

2023 жылғы 8 қазанда сағат 03:00 шамасында мас күйінде, алдын ала сөз байласа отырып әрекет еткен адамдар тобы Теміртау қаласындағы "Меруерт" ресто-барының жанында тұрған қызметтік автокөлікте отырған полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. 

Тәртіп бұзушылар көліктің есігін ашып, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, төбелесу үшін көліктен шығуды талап еткен.

ЖӘАТ (СОБР) қызметкерлері қақтығыстың алдын алуға тырысқан, алайда қылмыскерлер оларға шыны бөтелке мен пышақ қолдану жолымен дене жарақаттарын келтіріп, қызметкерлердің табельдік қаруын иемденуге оқталған, алайда ол ниеттеріне жете алмаған.

Жасалған қылмыстың ауырлығына қарамастан, бірінші сатыдағы соттың үкімімен тек 2 кінәлі тұлға бас бостандығынан айырылып, қалған 3 адамға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Қарағанды облысы прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот 3 сотталғанға қатысты үкімді қайта қарады және "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын таңдай отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Тегтер: