Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:52

Теміртауда зейнеткерді қорлаған жасөспірімдерге нақты жаза сұралды

1
Фото: ашық дереккөз

Қарағандыда Теміртауда зейнеткерді қорлаған тоғыз адамға қатысты сот процесі өтіп жатыр. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыларды 5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар зейнеткерді қорлап қана қоймай, тонау дерегі бойынша да жауапқа тартылып отыр. Жәбірленуші қазір денсаулығына байланысты күрделі мәселелерге тап болған.

Айыпталушылар кінәларын ішінара мойындап, өздеріне бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды сұрады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылдың наурызында күдіктілер алдау арқылы 67 жастағы ер адамның пәтеріне кіріп, оны ұрып-соғып, қорлаған және болған жайтты видеоға түсірген. Сонымен қатар тағы бір азамат та соққыға жығылған.

Оқиғадан кейін Теміртау әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ күдікті жасөспірімдер білім алған оқу орындары директорларының орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тегтер: