Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:17, 15 Қараша 2023

15 қараша: теңге күніне 15 дерек

теңге
Фото: из открытых источников

Ұлттық валютамыздың не себепті «Теңге» аталғанын білесіз бе? Теңгеден бөлік қайдай нұсқалар болды, қалай және кім таңдады, 15 қараша теңге күніне орай ұлттық валюта жайлы 15 қызық деректерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Адамның қаржылық сауаты – өзі күнделікті өмірде қолданып жүрген ақшасының төл тарихын білуден басталады. Біздің жағдайда ол – Теңгенің тарихы.

- Банкноттың ең алғашқы эскизін 1992 жылы Лондондағы зауытта Тимур Сүлейменов жасаған. Эскизде әл-Фарабидің портреті бейнеленген және «теңге» сөзі алғаш рет жазылған. 

Әл-фараби
Фото: из открытых источников

 


- Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық теңгесі ең алғаш рет 1993 жылы пайда болды. 15 қарашада Қазақстан деген жас мемлекеттің ұлттық валютасы айналымға енді.

- 1991 жылы теңгенің дүниеге келуіне үлес қосқан, дизайнын әзірлеген, суретші мамандарымыз бар. Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел сияқты суретшілерді ұмытуға болмайды. 

- Ұлттық валюта жасалғанға дейін жиналыстар өткізіліп, оның барысында ұлттық банкноттар мен монеталардың бет жағында еліміздің батырлары мен тарихи тұлғаларының бет-бейнесі бейнеленеді, теңге айналымын табиғи ландшафттар мен сәулет ғимараттарына, ескерткіштерге қалдыру керек" деген шешім қабылданды.

- Алғашқы тең­ге­­нi «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Сол кезде төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары мен хандарының бейнесі бейнеленді.

- Қазақтардың төл теңгені қағазға ба­сып беру тура­лы тапсырысы­ компа­нияның әлем­дік­ дең­гейде атын шы­ғаруға себеп болды.  Сол кезде төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары мен хандарының бейнесі бейнеленді.

- Аталмыш компания Ұлыбритания ханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық валютамыздың арқасында Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі аталды.

- Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Тұңғыш банкнот фабрикасы 1995 жылы мамыр айында ашылды.

фабрика
Фото: из открытых источников

 

- Қазақстанның алғашқы күміс монетасы 1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай шығарылды. Елтаңба мен ту бейнеленген алғашқы түсті монеталар ұлттық валютаның 10 жылдығына орай шығарылды.

- Алғашында ұлттық валютаға «сом» атауын бермек болған, алайда көрші мемлекет қырғыз сомын енгізгеннен кейін «теңге» сөзі қабылданады. Бұл атаудың тарихы ортағасырлық түркілердің «денге» немесе «танга» күміс монеталарынан бастау алады.

- Ашық деректерде Ұлттық банктің бастапқы уақытта 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалағаны айтылады. Кейін қоғамдық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді. Осылайше, теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар – 4 теңге 75 тиын болады.

- Қазақ теңгесінің өмірге келуіне Кеңес үкіметінің ыдырап, экономикасы құлдырап, енді егемендік алған мемлекеттердің қиыншылықтары бірден-бір әсер етті. Себебі, өзінің ұлттық валютасы жоқ елдер рубльге амалсыз байланып, рубль құнсызданып, инфляция деңгейі мыңдаған пайыздардан асып кеткен.

- Айналымға теңге енгізілгеннен кейін Ұлттық банктің алдында үлкен мақсаттар қойылды. Ең үлкені – экономиканы құрдымға құлатып алмау.

- Қазір нарықта "теңге" еркін ұшып жүр. Теңгенің құны қолмен басқарылмайды. Яғни оның нарықтағы бағамы доллар мен рубльге деген сұраныстан қалыптасып отыр.

- 2006 жылы 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттар пайда болды. Бұл теңгелер де дизайнымен көзге түсіп, талай халықаралық байқау­­да жеңімпаз атанды.