11:21, 14 Наурыз 2023
Теңге тағы құлдырады

Қазақстанның Ұлттық банкі 14 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Жас Алаш.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы 9,65 теңгеге бір-ақ көтеріліп, 456,66 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 445,98 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,04 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 456 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 453 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр.