Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:35, 19 Қазан 2020

Теңгеге валюта алыпсатарлары қашанғы қысым көрсетеді?

None
None

Елімізде ұлттық валютамыз теңгенің құны тағы төмендеп кетті. Алматыда  осы сәтті ұтымды пайдаланғысы келген валюта айырбастау орындарының біразы бір долларды 430 теңгеден асырып сатып жатыр.

Сарапшылардың пайымдауынша, біздегі валюта айырбастау орындары әр кезде нарықта валюта бағамын көтеру арқылы «ойнап» әжептәуір табысқа кенелуде.

Бұған қатысты қаржыгер Ермек Сабыров «валюта алыпсатарларының бұл  әрекеті теңгеге айтарлықтай қысым көрсетіп отыр» дейді.

 - Валюта алыпсатарлары  қазір  валюта бағамын өзгерту арқылы пайда тауып отыр. Долларды Ұлттық банк белгілеген бағамнан да жоғары қойып сататын валюта айырбастау пункттері бар. Валюта тәуекелін әдейі қабылдау оларға тән құбылыс. Қазір Ресейде рубльдің төмендеуіне осы валюта алыпсатарлары  айрықша ықпал етіп отыр. «Ресейде нарық үлкен, бізде ондай алыпсатарлар жоқ» дейтіндер бар. Бірақ сақтанғанымыз жөн. Білесіздер, 2014 жылдың ақпан айында теңге  құлдырап, бір доллардың құны 187 теңге болды. Сол кезде валюта алыпсатарлары айналымдағы долларды көбейтіп жіберді де, Ұлттық банк оны сатып ала берді. Осыдан барып доллардың айналыстағы көлемі артып теңге әлсіреген болатын. Қалай десек те қазір теңгеге валюта алыпсатарларынан қысым бар. Валюта бағамын жоғарылатып, төмендетіп ойнау бізде қалыптасқан құбылыс. Кешеден бері валюта айырбастау орындарының арасында  бір долларды 435  теңгеге бағалағандары болды. Бұл арада ірі валюта алыпсатарларынан теңгені қорғайтын шаралар қарастыру керек. ТМД елдерінде, шет мемлекеттерде отырып алып кәсіптерін дөңгелетіп отырған валюта алыпсатарлары біз үшін қауіпті. 1992 жылы АҚШ-та «қаралы бейсенбі» орын алды ғой. Сол кезде АҚШ-тағы валюта алыпсатарлары биржадағы акциялардың құнын түсіріп жіберіп, АҚШ бір күнде 25 млрд доллар шығын көрген болатын. Бұл қазірше есептегенде 320 млрд доллар. Сондықтан бізге болашақта «Валюта алыпсатарларына қатысты заңды да күшейтіп, мемлекеттік бақылауды реттеп алғанның да артығы жоқ»,- деді Ермек Сабыров.

Жалпы, экономист-сарапшылар біздегі валюта алыпсатарлары «жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» дегеннің керін келтіріп отырғанын алға тартуда. Бұл ретте экономика ғылымының докторы, профессор Жұмаділда Баяхметовтың айтуынша, жуық арада «теңге қадамын нықтай түседі» деп айту қиын. Әлемдік экономикада қалыптасып отырған жағдайдың өзі мұны айқындап тұр.

— Мәселен,  қазір Ресей валютасы барынша әлсіреуде. Осы рубльдің құлдыруына да валюта алыпсатарларының өзіндің ықпалы бар. Бізде Ұлттық банк бір бөлек бағам бекітеді. Валюта айырбастау орындары бір бөлек бағам енгізеді. ТМД елдерінде, шет мемлекеттерде отырып, кәсіптерін дөңгелетіп отырған валюта алыпсатарлары біз үшін қауіпті. Кезінде осыдан 30 жыл бұрын АҚШ-та «қаралы бейсенбі» орын алды. Сол кезде АҚШ-тағы валюта алыпсатарлары биржадағы акциялардың құнын түсіріп жіберіп, АҚШ бір күнде 25 млрд доллар шығын шекті. Бұл қазіргімен есептегенде 320 млрд доллар. Бізге болашақта валюта алыпсатарларына қатысты заңды күшейтіп, мемлекеттік бақылауды реттеп алу керек,-дейді  Жұмаділда Баяхметов.

Жалпы, қазір көптеген елдер нақ осы валюта алыпсатарларына қатысты заңды қатайтып, бықлауды нықтап жатыр.   Кез келген бір елдің ұлттық валютасының құнын түсіруге  алыпсатарлық операциялардың көбейіп кетуі де ықпал ететіні жасырын емес. Осыған орай мамандардың айтуынша,  алдағы уақытта алыпсатарлық дүрлікпе мен айырбас курсының өзгерістерінің алдын-алу үшін Ұлттық банкке валюта нарығына жиі-жиі енуге тура келеді. Олай етпесек, қазір валюта нарығында жүрген алыпсатарлардың «жұлдызды сәті» туып тұр. Алыпсатарлар өздерінің бас пайдасын ойлайды. Олардың қайсыбірі шетелдерде, Ресейде, өзге ТМД елдерінде отырып алып кәсібін дөңгелетіп жүргендер.  Сондықтан Ұлттық банкке валюта нарығын реттеуге қатысты сауатты шешімдер қабылдап, Үкіметке заңға тағы бір мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тура  келеді.  

Тегтер: