Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:20, 13 Сәуір 2022

TENGIZCHEVROIL жергілікті халыққа шекесінен қарайды

None
None

Tengizchevroil-дың қоғамдық тыңдауына компанияға өкпесі қара қазандай Жылыой ауданының тұрғындары бірі қалмай жиналды.

Негізгі мәселе сол өңірде 30 жылға жуық мұнай өндірген компаниядан өтемақы талап ету. Аты жер жарған компанияның халыққа жасап отырған әлеуметттік көмегі «итке тастаған сүйекпен» тең, дейді өңір тұрғындары.

«Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтуынша, өндіріс орындары Қазақстанда экологияға айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Олардың қатарында – «АрселорМиттал Теміртау», «Казцинк», «Қазхром», «Қазақстан алюминий» АҚ, «Қазақмыс», «Казфосфат», Tengizchevroil сияқты өндіріс орындары бар. Бұл ірі зауыттар қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығарып отыр. Бұдан сол маңайдағы халықтың денсаулығына айтарлықтай, залал келуде. Үлкен зауыттар мен тау-кен ошақтарында ауаға ауыр, улы қалдықтар бөлінеді. Кен қазу, өндіруден шығатын ауа қабатын бұзатын заттарға негізінен, шаң, SO2 күкірт диоксиді, NO2 азот диоксиді жатады.

«Жылыой тұрғындары менімен хабарласып, бірге жұмыс жасай бастадық. Қажетті ақпараттарды жинақтадық. Осыған қатысты мәселелерді көтердік. Делегат ретінде Жылыой ауданы Құлсары қаласына бардық. Біздің негізгі мақсатымыз – сол жердің экологиялық жағдайын білу болатын. Осы ретте, 170 мемлекет қол қойған Париждік келісім бойынша ауаға шығарылатын парниктік газдардың мөлшерлемесін төмендетуге Қазақстан да қол қойған болатын. Осы бағдарлама бойынша кәсіпорындардың барлығына  «environmental social government» стратегиясын енгізіп жатыр. Осының негізінде, Tengizchevroil компаниясының өкілдерімен кездестік. Бірінші кездесу кезінде компания өкілдері халықтың сөзін тыңдамай, күлкіге айналдырды. Бір қызығы, алдыңғы қатарға өздерінің жұмыскерлерін отырғызып қойды. Жиында ашынған халық, белсенді топ барлық шындықты айттық. Компания өкілдері халықтың ашуын, риза емес екенін сезінді. Көпшіліктің қалағаны Tengizchevroil басшысымен кездесіп, мәселені өзідеріне тікелей айту болатын», − дейді  «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы.

Мәселе мұнымен бітпеген. Жиыннан кейін альянс бастаған топ әкімдікке барып, митингі өткізу туралы арыз береді. Рұқсат алғаннан кейін Жылыой тұрғындары Дайрабай, Райса сынды азаматтар өздеріне жауапкершілік алып, 16 сәуір күні жергілікті тұрғындар митингі өткізетін болды. Халықтың наразылығы жеткеннен кейін компанияның бас директоры Кевин Лайон халықпен кездесуге келісті. Онда экологиялық мәселеден бастап, Tengizchevroil компаниясындағы жемқорлық мәселесі, жұмысқа кіру үшін миллиондап ақша беру керектігіне дейін айтылды.

«Тіпті компанияның қарамағына кіретін еншілес ұйымдар халықты аямай, жұмысқа салып, кейде жұмыстан себепсіз шығарып жібереді екен. 2016 жылы еңбек заңында олигархтарға басымдық беріп қойған. Мысалы, олар «жұмыстан кетірем» деген адамды шығарып жіберетін құзырет берілген. Бұл заңға Назарбаев қол қойған. Осы заңның күшін жою керек. Осындай жағдайға қарамастан, халықтың денсаулығына айтарлықтай зиян келіп отыр. Кейбір отбасында ауру балалар туылуда, кейбір отбасы асыраушысынан айырылды. Осындай күрделенген мәселені тыңдаса да, Кевин Лайон нақты жауап бермей кетті. Мәселенің шешілу жолдарын айтпады. Компания біздің мұнайдың ең ауқымды қорын игеріп, мемлекетке азғантай ғана салық төлеп, жұмыскерлеріне тиын-тебен ұстатып отыр. Сол үшін халық көтеріліп, өз мүддесін қорғауға құқы бар», − Азаматхан Әміртай

Кездесу кезінде наразы болған тұрғындар қанша жылдан бері жиналған түйіткілді мәселелерді ашып айтты.

«Қазір аудан халқы Ақтөбе, Алматы, Астана сияқты қалаларға көшіп кетті. Tengizchevroil салып берген мектеп пен емханадан пайда жоқ. Ең бастысы осы жерде өмір сүріп отырған халықтың денсаулығы. Маған да бұл жерден кет деп айтады. Туған жерімді тастап ешқайда бармайтын» − дейді Құлсары қаласының тұрғыны.

Ондаған жыл бойы қордаланған мәселені шешудің түбіне жетпей, тынышталмайтын халық 16 сәуір күні бейбіт минингіге шықпақ.

Тегтер: