Теңіз кен орнында апат орын алды – «Теңізшевройл» ақпаратты растады
Атырау облысындағы Теңіз кен орнында апат орын алды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
12 қарашада "Теңізшевройл" компаниясына тиесілі мұнай резервуарлық паркі мен ҚТЛ газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде мұнай ағып кеткен. Төгілген мұнайдың көлемі шамамен 50 текше метрді құрады.
"Теңізшевройл" компаниясы ақпаратты растады.
"12 қарашада Теңіз кен орнында мұнайдың ағуы анықталып, "Теңізшевройл" апаттық бригадасы оны оқшаулау үшін дереу әрекет етті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздік рәсімдері мен нормаларына сәйкес тарату жұмыстары жүргізілуде. Барлық тиісті органдарға тиісті түрде хабарланды. ТШО-ның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасуда", - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.
Бұл факт бойынша Атырау облыстық экология департаментінен басылым ақпарат ала алмады.