Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:49, 08 Шілде 2024

Терроризмді насихаттаған үш қазақстандық сотталды

Р
Фото: pixabay.com
2024 жылғы маусымда террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды.

ҰҚК мәліметінше, 3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде ұсталудағы елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, биыл ақпанда ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.

Тергеу изоляторында болған кезде, ол заңсыз әрекеттерді тоқтатпады және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысқан.

Тегтер: