Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:51

The Atlantic: Украина Донбастан бас тартуға дайын болуы мүмкін

Украина
Фото: Hanna Sokolova-Stekh/DW

Америкалық The Atlantic журналының журналисі Саймон Шустердің жазуынша, Украина билігі Ресеймен келіссөздер барысында ең ауыр ымыраға – Донбастың бір бөлігінен бас тартуға дайын болуы ықтимал.

Бұл туралы ол Украина президенті Владимир Зеленскийдің екі кеңесшісіне сілтеме жасап хабарлаған.

Шустердің мәліметінше, Киев Донецк облысының шығыс бөлігіндегі кей аумақтарды Ресей бақылауына беруді қарастырып отыр. Журналист бұл ықтимал шешімді «Киевтің Мәскеумен келіссөздердегі ең ауыр құрбандығы» деп атаған.

Мақалада мұндай ымыраны заңды ету үшін Украина көктемде бейбіт жоспар бойынша референдум өткізуді де қарастырғаны айтылады. Яғни, украиналықтарға аумақ жоғалтуды қамтитын келісімге дауыс беру мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін.

Шустердің дерегінше, Украина президенті кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов Зеленскийдің көмекшілерімен Донецк облысының кей аудандарынан әскерді шығару шарттары жөнінде ұзақ талқылау жүргізген. Бұл ретте Ресей армиясының ол аумақтарды толық басып алуына жол бермеу мәселесі де қарастырылған.

«Олар адамдардың мұны қабылдауына мүмкіндік беретін жолдарды іздеп, шынымен де тапқырлық танытып жатыр», - деген журналистке украиналық шенеуніктердің бірі.

Сондай-ақ мақалада Украина бұрынғы талаптарының бірінен – Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің әскери басшылығын әскери қылмыстар үшін жауапқа тарту талабынан бас тартқаны» айтылған.

Донбасс мәселесі бойынша келіспеушілік

23-24 қаңтар күндері БАӘ астанасы Әбу-Дабиде Мәскеу мен Киев өкілдері АҚШ ұсынған бейбіт жоспар аясында алғаш рет тікелей келіссөз өткізген.

Келіссөздерге жақын дереккөздердің айтуынша, тараптар бірнеше тармақ бойынша келісімге келгенімен, аумақтық мәселе шешілмеген күйде қалған.

Алғашқы ензднсуден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Донбасс мәселесі – келісілмеген жалғыз түйткіл екенін растаған. Ресей украин әскерін Донбастан толық шығаруды талап етсе, Киев бұл талапты қабылдамай отыр.