Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

The Daily Telegraph: Киев Ресейге оккупацияланған аумақтарды беруі мүмкін

Украина
Фото: БАҚ

 The Daily Telegraph басылымы Украина президенті Владимир Зеленскийдің бейбіт келісім шарттарына қатысты ұстанымы жұмсарғанын хабарлады. Басылым дереккөздеріне сүйенсек, бұл өзгеріс 15 тамызда Аляскада өтетін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі қарсаңында байқалған.

Басылым мәліметінше, Украина Еуропа қолдап отырған бейбіт жоспарға келісе алады. Бұл жоспар соғыс қимылдарын тоқтатуды және Ресейдің қазіргі уақытта бақылауында тұрған аумақтарды – Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон және Қырымды – өзінде қалдыруды көздейді. Яғни, қазіргі майдан шебін «қатырып», Мәскеуге осы өңірлерді де-факто беру туралы сөз болып отыр.

Алайда Зеленский еуропалық лидерлерге Украина қосымша жер беретін кез келген ұсынысты қабылдамайтынын айтқан. «Орысқа жерімізді сыйламаймыз, бұл – Конституцияда жазылған» деп ол 9 тамызда Telegram парақшасында жазды.

12 тамызда ЕО-ның 27 елінің 26-сы (Венгриядан басқа) бірлескен мәлімдеме жасап, «Украинадағы бейбітшілік жолын тек Украина өзі анықтайды» деп атап өтті. Олар Киевке саяси, қаржылық, экономикалық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық қолдауды жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

8 тамызда Ақ үйде сөйлеген Дональд Трамп Украина мен Ресей арасында аумақ алмасу болуы мүмкін екенін айтты. «Кейбір аумақтар қайтарылады, кейбірі алмастырылады. Бұл екі тарап үшін де жақсы және жаман жақтары бар келісім болады», – деді ол. Трамптың айтуынша, Ресей «бірқатар стратегиялық маңызды аймақтарды» басып алған, және солардың бір бөлігін Украинаға қайтаруы қажет.

Бірақ ол Зеленскийдің Конституцияға сілтеме жасап, аумақ беруден бас тартқанына сын айтты.

10 тамызда НАТО Бас хатшысы Марк Рютте CBS News арнасына берген сұхбатында: «Факті жүзінде ресейліктердің украин жерін бақылап отырғаны рас. Бірақ біз мұны ешқашан заңды деп мойындай алмаймыз», – деді.

Тегтер: