Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:55, 07 Қыркүйек 2023

TikTok өкілдері қырғыз билігімен келісу үшін Бішкекке келді

None
None

TikTok әлеуметтік желісінің Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы билік органдарымен байланыс жөніндегі директоры Сергей Соколов Қырғызстан билігімен келіссөз жүргізу үшін Бішкекке келді.

Centralasian.org хабарлағандай, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің өкілі Бектұр Ибрагимов Азаттықтың Қырғыз қызметіне үкімет өкілдері әлеуметтік желі өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Біз қолданушы жасына қарай шектеу енгізуді және платформа ережесін Қырғызстан заңдарына сәйкестендіру жөнінде талап қойдық. Олар оларды орындауда техникалық қиындықтар барын айтып отыр. Келіссөз жалғасып жатыр» дейді Ибрагимов.

30 тамызда мәдениет министрлігі ел аумағында TikTok әлеуметтік желісінің таралуына тыйым салу жөнінде шешім қабылдаған. Министрлік «әлеуметтік желі мазмұны өскелең ұрпақтың психикалық жағдайына кері әсер етеді» деп есептейді.

TikTok – шағын видеоларды жариялауға және көруге арналған танымал әлеуметік желі. Қырғызстандықтардың дені TikTok қолданады. Елде осы сервисте контент дайындайтын ондаған танымал блогер бар.

Тегтер: