Тіл үйретудегі жаңа технология таныстырылды

Әдіскер-ғалымдардыңпікірінше, тілді оқыту сабақтарында дыбыстық және бейне көрнекілікті жиі жәнежүйелі түрде қолдану арқылы тілді үйренушілер тобында жасанды тілдік ортақалыптастыру аса маңызды.
Өйткені тілдік ортаға бойлау арқылы тіл үйренушілербелсенді түрде тілдік қатынасқа түседі. Сондай-ақ тілдік кедергіні жою арқылыолардың тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу дағдылары жетіле түседі. Сондықтан да«Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы онлайн курстың кезектісанын «Қазақ тілін аудиовизуалды әдістермен оқыту» тәсілінеарнауды жөн санады.
«Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» онлайнкурсының бүгінгі дәрісін «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығыӘдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты СофияҚажыақпарқызы жүргізді. Онлайн сабаққа 65 маман қатысып, тіл үйретудің соңғытехнологиялары мен әдіс-тәсілдерімен танысты.
— Ақпараттық технологияның қарқынды дамығануақытында заманауи технологияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу,тіл үйренушінің тілді үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оныңсабақтағы белсенділігін арттырады. Осындай заманауи технологияларға құрылған сабақтардың бірі – қазақтілін аудиовизуалды әдістермен оқыту,- дейді С.Қажыақпарқызы.
Әдіскердіңайтуынша, аудиовизуалды материалдар тілдің паралингвистикалық элементтеріменқатар, көзбен көретін, яғни визуалды элементтерді де байқауға, көруге мүмкіндікбереді екен. Әрине, ол ақпаратты жылдам қабылдауға, оны тез түсінуге жәнеесінде жақсы сақтауға жол ашады.
Бүгінгіонлайн курста тақырыпқа сай арнайы дайындалған екі минуттық бейнежазбанегізінде аудиовизуалды әдістің тиімділігі дәлелденіп, қолдану тәсілдері жайлыпайдалы әдістемелік кеңестер берілді, инновациялық жаттығулар түрлеріұсынылады. Тыңдарманға ұсынылған тың ақпаратты сіз де ҚР Мәдениет және спортминистрлігінің елдегі төтенше жағдайға байланысты арнайы ашқан фейсбукәлеуметтік желісіндегі ONLINE bol парақшасынан қарап, таныса аласыз.
Айтакетейік, «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» онлайн курсы 10 сәуірге дейінжалғасады. Тұрақты тыңдарманға «Тіл-Қазына» орталығының сертификатытабысталады.