Time:“Жыл адамы” атағын жасанды интеллекттің негізін қалаушылар алды
Басылым адамзаттың онжылдықтар бойы ойлай алатын машиналардың пайда болуына куә болып келе жатқанын атап өтіп, “Жыл адамы” атағын жасанды интеллекттің негізін қалаушы тұлғаларға берді.
“2025 жыл – жасанды интеллекттің толық мүмкіндіктері ашылған, әрі кері қайтар жолдың жоқ екені айқындалған жыл болды. Ойлай алатын машиналар дәуірін шындыққа айналдырғаны үшін, адамзатты бір мезетте таңдандырып әрі алаңдатқаны, бүгінгі болмысты өзгертіп, мүмкіндіктің шекарасын кеңейткені үшін Time журналы 2025 жылдың "Жыл адамы" деп жасанды интеллект жасаушыларды таңдады”, – делінген жазбада.
Ең алғаш рет Time журналы 1923 жылы 3 наурызда шыққан болатын. Таралымы 3,4 миллион дананы құрайды. 2007 жылдан бастап АҚШ-тағы ең танымал басылымы. Басты мақалалары: Жыл адамы, Жылдың 100 адамы, 20 ғасырдың 100 адамы.Экономика, спорт, денсаулық... сән тақырыптарындағы мақалаларды жариялайтын мерзімді басылым.