Тимур Құлыбаев холдингінен миллиардтаған дивиденд алмайды

Белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева иелік ететін «Алмэкс» холдингі 2023 және 2024 жылдардағы таза табыстан дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Бұл ақпарат Қазақстанның депозитарлық орталығы мен компанияның акционерлер жиналысының хаттамасында жарияланды.
2023 жылдың 30 мамырында өткен жиналыста холдинг акционерлері өткен жылғы таза табысты бөлмеуге және дивиденд төлемеуге келісті. Дәл осындай шешім 2024 жылдың қорытындысы бойынша да қабылданды. Мұндай қадам екі жыл қатарынан қайталанып отыр.
Сонымен қатар, Құлыбаевтардың портфельдік компанияларының бірі «Каспий нефть» те 2023 және 2024 жылдары дивиденд төлемеуді ұйғарды. Компания таза пайда тапқанына қарамастан, қаржыны бизнес дамуына бағыттауды жөн көрген.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім бір жағынан компаниялардың инвестициялық және қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталса, екінші жағынан, акционерлердің ұзақмерзімді стратегиясының бір бөлігі болуы мүмкін.
Осылайша, Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева екі жыл қатарынан өздеріне тиесілі холдингтен миллиардтаған теңге көлеміндегі дивиденд алмай отыр.