Тимур Құлыбаев өзіне рекордты дәрежеде дивиденд төлеуі мүмкін
«АЛМЭКС» холдингі түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы мемлекетке шамамен 140 млрд теңге қайтарды. Осыдан кейін сот Halyk Bank дивидендтеріне қойған шектеулерді алып тастады. Дегенмен мемлекет бұл қаражаттың нақты қайда бағытталғаны туралы қоғамға ақпарат берген жоқ.
Бұл туралы Nege.kz телеграм арнасы хабарлады.
Мемлекетпен мәселелер шешілген соң, «АЛМЭКС» холдингі бұған дейін жариялаған 4% емес, 7,6% Halyk акциясын сатты. Бұл бұрынғы болжамдарға (10% шамасында) әлдеқайда жақын.
Жыл қорытындысы бойынша «АЛМЭКС» өз тарихындағы рекордтық таза табысқа жетуі ықтимал. Сарапшылардың есептеуінше, таза пайда 900 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар холдинг капиталының құрамындағы жинақталған бөлінбеген пайда 3 трлн теңгеден асады.
Құлыбаевттың 2 трлн теңге дивиденд алу мүмкіндігі бар
Теориялық есеп бойынша, Тимур Құлыбаев осы жылдың қорытындысында 2 трлн теңгеге дейін дивиденд алуға құқылы.
Алайда сарапшылар оның мұндай үлкен соманы алмайтынын, себебі бұл «АЛМЭКС» капиталына кері әсер етуі мүмкін екенін айтады.
Бірақ 400-600 млрд теңге, яғни шамамен 1 млрд доллар көлеміндегі дивидендтен бас тартпайтыны күмәнсіз.