«Тыныш тұр, сені де осы мылтықпен өлтіремін» - Шерзаттың анасын күдіктілердің бірі қорқытқан

Шерзат Полаттың ісіне байланысты ашық сот отырысы жалғасып жатыр.
Сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың анасы Бишембиева судья алдында куәлік беруде. Оның айтуынша, күдікті Нұрқияс Шерзаттың басынан бірнеше мәрте ұрған және анасы да қоқан-лоққы көрсеткен.
Бишембаеваның мәліметінше, сотталушылар ұлының аузынан қан шығып жатқанына қарамастан басынан пышақпен ұрып, тепкілеген.
Айта кетейік, Шерзаттың қазасына қатысты сотта бұған дейін судья Қаржаубай Нұрымовқа ескерту жасады.
Нұрымов өз сезімін тежей алмай, айыпталушылардың адвокаттарын сөзбен бөліп, оларға қарсы пікір айтып, сот барысына кедергі келтірді. Әсіресе әйелі жауап беріп жатқанда, бірнеше рет оның сөзін бөліп, айтқан жауабын түзетуге тырысқан сәтте жағдай ушыға түсті.
Судьяның бірнеше ескертуіне қарамастан, Нұрымовтың әрекеті өзгерген жоқ. Ақыры судья оның адвокаты Мейірман Шекеевке қатаң ескерту жасады: егер жәбірленуші сот тәртібін бұзуды жалғастырса, оның жауапкершілігі қорғаушысына жүктелетін болады.