Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:30, 01 Тамыз 2023

Тіс дәрігері тіске ең зиян сусындар мен тағамдарды атады

None
None

Кейбір тағамдар мен сусындарды жеу тістеріңізге елеулі зақым келтіруі мүмкін. Бұл туралы тіс дәрігері Таисия Рындина «Вечерная Москва» басылымына берген сұхбатында айтты.

Маман тіске ең зиян сусындар ретінде газдалған, тәтті, қышқылдығы жоғары – энергетикалық сусындар, сода шырындарды екенін мәлімдеді.

Стоматологтың айтуынша, мұндай сусындарды пайдалану тістердің беткі қабатының бұзылуына, кариестің пайда болуына әкеледі екен.  Бұл мәселе тістердің биохимиялық құрылымының ерекшеліктеріне байланысты туындайды, дейді дәрігер.

Азық-түлікке келетін болсақ, тым қатты немесе тым жұмсақ тағам тіске зиян. Біріншісі жиі тістің қатты тіндерінің күйіне теріс әсер етеді, ал жұмсақ тағамдар, тісте тұрып қалып бактериялар көбеюетін орта жасайды.

Дәрігер қалыпты қатты тағамға артықшылық беруге кеңес берді. Атап айтқанда, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жиі жеу керек.

«Көкөністерде көмірсулар аз болғандықтан, олар кариогенді бактерияларды қосымша қоректендірмейді, ал орташа қаттылығына байланысты тістердің бетінен дақтың бір бөлігін тазартады», — деп түсіндірді тіс дәрігері.

Сусындардан қарапайым газдалмаған су тістерге пайда әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, фтор мөлшері аз кейбір аймақтарда арнайы фторлы су ішу ұсынылады. Дегенмен, мұны өз бетімен жасамау керек, алдымен маманға хабарласу керек, дейді тіс дәрігері.

Тегтер: