Титан батискафы қирандысы арасынан адам қалдығы табылды
АҚШ жағалау күзеті «Титан» сүңгуір қайығының сынықтарын, оның ішінде адам қалдықтарын тапқанын хабарлады.
Бұл туралы Sky News жазды.
Төрт ай іздеуден кейін Солтүстік Атлант мұхитының түбінен «Титан» сүңгуір қайығының қалдықтары табылды. Жаңа дәлелдер қазір талдау үшін америкалық дәрігерлерге жіберілген. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Қоғамдық тыңдау «Титаник» апатын зерттеу үшін 3800 метр тереңдікке сүңгу кезінде сүңгуір қайықтың істен шығу себебін анықтағаннан кейін өтеді.
Айта кетейік, экипаж құрамында бес турист бар батискаф 19 маусымда Атлант мұхитында жоғалып кеткен болатын. 22 маусымда сүңгуір кеменің ішіндегі оттегінің таусылғаны хабарланған. Кейін мұхит түбінен оның қалдықтары табылды.
«Титан» сүңгуір қайығының бортында бес адам болған. Апат салдарынан батискафты басқарған 61 жастағы Ocean Gate директоры Стоктон Раш, 58 жастағы британдық миллиардер Хамиш Хардинг, сондай-ақ Пәкістандағы ең бай адамдардың бірі - 48 жастағы кәсіпкер Шахзада Дауд пен оның 19 жастағы ұлы Сүлейман, сондай-ақ құрылғының пилоты, бұрынғы әскери сүңгуір, Титаникті зерттеуші, 77 жастағы француз Поль-Анри Наржоле қаза тапты.