Титан жолаушылары өлетінін батискаф жарылардан 1 минут бұрын білген
Испан сүңгуір қайық сарапшысы Хосе Луис Мартин «Титан» экипаждары өлетінін оның жарылуына бір минут қалғанда білгенін айтады.
Бұл туралы The Daily Mail жазды.
Сарапшының болжамынша, су астындағы кеме электр қуатының өшіп қалуы салдарынан қозғалмай, төменге қарай жылдам бата бастаған, дәл сол кезде экипаж батискафтың жарылып кететінін білген болуы мүмкін.
Ол батискафтың кенеттен жылдам батуы 1700 метр тереңдікте бастағанын және шамамен 1000 метрге дейін жалғасқанын, шамамен 2,8 шақырым тереңдікте батискаф қысымның тез көтерілуінен шар сияқты жарылып кеткенін айтады.
"Қорқыныш пен азапты елестетіп көріңіз. Бұл қорқынышты фильм сияқты болған болуы керек", — деді Хосе Луис Мартин.
Мартин жолаушылар 48-ден 71 секундқа дейін созылған уақытта жолаушылар қараңғылықта бір-бірінің үстіне жиналып қалған деп болжайды.
Айта кетейік, 18 маусым, жексенбі күні 3800 метр тереңдікте «Титаникке» саяхат кезінде «Титан» сүңгуір кемесімен байланыс үзілді.
Бірнеше күннен соң оның сынықтары табылды. Кейін ғалымдар батискаф корпусы мерзімі өткен өнімнен жасалған болуы мүмкін екенін айтты.