Тыйымдар елі Сингапур жайлы не білесіз
Сингапурда болған адамдардың көпшілігі елге таңғалып, тамсанумен болады. Себебі басқа елдерден айтарлықтай ерекшеленеді
Сингапур әлемдік қаржылық және саяси көшбасшы ғана емес, сонымен бірге айыппұлдар мен жазалар бойынша да көшбасшы. Бүкіл әлемде талқыланып жатқан сағызға тыйым салу сияқты Сингапурдың тыйымдары кейде оғаш және әдеттен тыс, ал кейде тым радикалды болып келеді.
Бір жағынан, Сингапур демократиялық ел және жергілікті тұрғындар бақытты елдер тізімінде ең бірінші орында тұрса, екінші жағынан тыйымдар мен айыппұлдар саны өмірдің барлық дерлік саласын реттейді.
1) Сағыз шайнауға тыйым салу. Сингапурды дүние жүзіндегі жаңалықтардың шыңына шығарған сенсациялық тыйым. Бұл екі мәселеге қатысты: елге сағызды кіргізуге, оны жерге тастап, түкіруге, сондай-ақ жабыстыруға тыйым салынған.
Айыппұлдар:
— адамдардың көшеде сағыз тастағаны үшін айыппұл небәрі 1000 S (USD) құрайды.
— елге сағыз әкелгені үшін 10 000 АҚШ долларынан 72 000 АҚШ долларына дейін айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады.
2) Қоғамдық орындардағы кезек реттілігін бұзған адамдарға 500 АҚШ доллар айыппұл салынады.
3) Өзге адамның Wi-Fi желісіне иесінің келісімінсіз қосылғандарға үш жылға бас бостандығынан айыру немесе 10 000 сингапур доллары мөлшерінде айыппұл салынады.
4) Балық аулауға тыйым салынған. Сингапур теңіз елі болғанымен, мұндай елдер үшін ең көп таралмаған тыйым бар. Қала шегінде кез келген балық аулауға, тіпті бір ілмекпен аулауға да тыйым салынады. Айыппұл: 3000 АҚШ доллары.
5) Көгершіндер мен басқа да құстарды тамақтандыруға тыйым салынған. Себебі сингапурлықтар инфекциялар мен түрлі ауруларды құстар тасымалдайды деп санайды. Айыппұл: 1000 АҚШ доллары.
6) Елде есірткіге, пара беруге, зорлық-зомбылыққа, порнографияны таратуға және ұрлыққа тыйым салынады. Жазасы – өлім. Бұл шетелдік туристерге де қатысты. Осы себептерге байланысты Сингапурда қылмыс деңгейі өте төмен.