09:00, 21 Шілде 2023
«Тобыл» Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

Қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Алғашқы айналымда қостанайлықтар Финляндия чемпионатының қола жүлдегері «Хонкамен» кездескен.
Қостанайда өткен алғашқы матчта «Тобыл» 2:1 есебімен жеңген. Ал Финляндияда өткен қарым ойын тең аяқталды - 0:0.
Осылайша, «Тобыл» турнирдің келесі кезеңіне шықты.
Енді Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» швейцариялық «Базельмен» кездеседі. Алғашқы матч 27 шілдеде Швейцарияда өтеді.
Конференция лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі. Қарымта матч
«Тобыл» (Қостанай) - «Хонка» (Финляндия) 0:0