Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:15, 04 Тамыз 2023

«Тобыл» мен «Ақтөбе» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті

None
None

3 тамызда үш командамыз УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізді.

 

Қостанайда жергілікті «Тобыл» швейцариялық «Базельді» қабылдады. Бір апта бұрын сырт алаңда сенсация жасап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен «Тобыл» қарымта ойында қарсыласына есе жіберді. Есеп — 2:1. Бірақ қос ойынның қорытындысында 4:3 есебімен келесі кезеңге өтті.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч — 3:1

«Тобыл» (Қостанай) - «Базель» (Швейцария) 1:2 (1:2)

Голдар: Каде 26, Огюстен пенальтиден 32, Дебле пенальтиден 43

«Тобылдың» үшінші айналымдағы қарсыласы - «Дерри Сити» (С. Ирландия). Алғашқы матч 10 тамызда Қостанайда өтсе, қарымта ойын 17 тамыз күні Солтүстік Ирандияда өтеді.

«Ақтөбе» — «Торпедо» Кутаиси матчында да қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ бір апта бұрын Грузияда ірі есеппен (4:1) жеңіске жеткен ақтөбелік команда келесі кезеңге жолдама алды. 

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч — 4:1 

«Ақтөбе» - «Торпедо» (Кутаиси, Грузия) 1:2 (1:0)

Голдар: Самородов 31, Арабидзе 58, Бугридзе 66

Алаңнан қуылды: Сандохадзе 78

«Ақтөбенің» үшінші айналымдағы қарсыласы – «Сепси» (Румыния). Алғашқы ойын 10 тамызда Румынияда, қарымта матч 17 тамыз күні Ақтөбеде өтеді. 

Ал бір апта бұрын Шымкенитте польшалық «Легиямен» 2:2 есебімен тең ойнаған «Ордабасы» турнирмен қоштасты. Польшада өткен ойында алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

«Легия» (Варшава, Польша) – «Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) – 3:2 (2:0)

Гол соққандар: Вшолек 18 (1:0), Рибейру 42 (2:0), Садовский 57 (2:1), Пегкарт 71 (3:1), Малый 84 (3:2)

Осылайша, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне екі командамыз жолдама алды. «Ақтөбе» мен «Тобылдан» бөлек Чемпиондар лигасынан шығып қалған «Астана» Еуропа лигасының үшінші айналымында бақ сынайды. Қарсыласы – «Лудогорец» (Разград, Болгария).

Тегтер: