Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:30, 28 Шілде 2023

«Тобыл» Швейцарияда сенсация жасады

None
None

27 шілде күні түнде үш командамыз УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізді.

 

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» польшалық «Легияны» қабылдады. Лық толы стадионда өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. 

Матч жылдам голмен басталды. 13-минутта Всеволод Садовский есеп ашты. Ал екінші таймның басында Мамаду Мбодж бұрыштама добынан кейін есепті еселеді.

Бірақ ойын соңына дейін қонақтар есепті теңестіре алды. 63-минутта Томас Пекхарт есеп айырмасын қысқартса, 86-минутта Блаз Крамер есепті 2:2 қылды.

Қарымта кездесу 3 тамызда Варшавада өтеді.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Алғашқы матч

«Ордабасы» (Шымкент) - «Легия» (Варшава, Польша) 2:2 (1:0)

Гол соққандар: Садовский 13, Мбодж 48, Пекхарт 63, Крамер 86

Ал «Ақтөбе» сырт алаңда грузиялық «Торпедо Кутаисимен» кездесті. Қазақстандық команда бұл кездесуде алаң иелерін тас-талқан етті. 

34-минутта Әлібек Қасым пенальтиден есеп ашты. Араға тоғыз минут салып Милош Раичкович есепті еселеді.

Ал екінші таймда қонақтар сапынан Максим Самородов пен Андрия Филипович гол соқты. 

Ал «Торпедо» сапынан Георгий Арабидзе есеп айырмасын қысқартты.

Енді қарымта матч 3 тамызда Ақтөбеде өтеді.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч

«Торпедо» (Кутаиси, Грузия) - «Ақтөбе» 1:4 (0:2)

Гол соққандар: Қасым пен 34, Раичкович 43, Самородов 73, Арабидзе 89, Филипович 90+3

Қостанайлық «Тобыл» Швейцарияда сенсация жасады.

«Тобыл» Швейцарияда «Базельмен» кездесті. Бұл кездесуде алаң иелері айқын фаворит саналған.

Ойынның 25-минутында Тьерно Барри «Базельді» алға шығарды. Командалар үзіліске дәл осы есеппен кетті.

Ал екінші таймда бәрі түпкілікті өзгерді. 54-минутта «Тобыл» пенальти орындауға мүмкіндік алған, бірақ Рамазан Оразов қақпашыдан айласын асыра алмады.

Әйтсе де, екі минуттан соң Барри алаңнан қуылып, қостанайлықтар тағы да пенальти тепті. Бұл жолы нүктеге келген Серж Дебле мүлт кетпеді.

62-минутта Рамазан Оразов ойыннан гол соғып, қонақтарды алға шығарды.

Көп ұзамай Рикардо Калафьори екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша, 9 ойыншымен қалған «Базель» қақпасына «Тобыл» үшінші голды соқты - Ислам Чеснаков қанжығасын майлады.

Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Бірінші матч

«Базель» (Швейцария) - «Тобыл» (Қостанай) 1:3 (1:0)

Голдар: Барри 25. Дебле пен. 57, Оразов 62, Чесноков 71

Орындалмаған пенальти: Оразов 54

Алаңнан қуылды: Барри 56, Калафьори 69

Тегтер: