Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:25, 06 Қараша 2023

TOGG элетромобилі. Ердоған Тоқаевқа қандай көлік сыйлады?

Тоқаев Ердоган
Фото: из открытых источников

Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінен кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа түріктің TOGG – T10X электромобилін өзі көрсетіп, сыйға тартты. 

Әлеуметтік желілерде екі ел басшысының су жаңа көлікпен кетіп бара жатқан суреті таралды.

Тоқаев Ердоган
Фото: из открытых источников

Әзірге Тоқаевтың қай электромобиль түрін сыйға алғаны белгісіз. Бірақ түрік көлігінің екі түрі ғана бар. Бірі – T10X 430 ат күшіне ие 88.5 кВт·сағ батареямен жабдықталған түрі болса, екіншісі 210 ат күші бар эконом класты нұсқасы. Біздің болшам бойынша, ел президенті алғашқы моделді сыйға алған болуы мүмкін. Ердоған бұған дейін Әзірбайжан, Өзбекстан басшыларына осындай көлік сыйлаған. «Түркі туысқан халықтары президенттеріне Ердоған көлік сыйлады, Тоқаевқа берілген жоқ» деген желдей ескен сөздер де сол кезде айтылып та қалған еді. Енді кезек біздің ел президентіне де жетті.

Алғашқы көлікті сынақтан өткізгеннен кейін Ердоған:

«Тогг қазірдің өзінде Түркияның жолдарын кезіп жүр. Солардың бірін бауырым Әзірбайжан президенті Ильхом Әлиевке сыйлаймын. Осы көліктердің тағы бірін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке жіберемін», - деген еді.

Сонымен бірге ол, бір жыл ішінде түрік азаматтары үшін осы көліктің 20 мыңын шығару жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

ТООГ
Фото: Өзбекстан президенттің баспасөз қызметі
ТОГГ
Фото: АР

Кейіннен Әзірбайжан президенті мен Өзбекстан басшысының көлікті алғаны жарияланды.

Түріктің TOGG электромобилі қандай көлік?

2010 жылы Түркия президенті Ердоған елде ұлттық автомобиль өнеркәсібін құрып, түрік көліктерін шығаруды қолға алуға шақырды. 2017 жылы Togg автомобиль компаниясының пайда болғаны жарияланып, оның акционерлерінің тізімі де аталды. Олар:

Anadolu Group (19%);

BMC Turkey (19%);

Kök Grubu (19%);

Turkcell (19%);

Zorlu Holding (19%);
Түркияның Сауда палаталары және тауар биржалары одағы (5%).

ТОГГ
Фото: gazeteoksijen.com

2019 жылғы 27 желтоқсанда Гебзеде ұлттық «Кремний алқабында» (Bilişim Vadisi) түріктер 3,7 миллиард доллар инвестицияланатын өз көлігін жасап жатқандарын жариялады. Кейіннен электрокөліктің – жол талғамайтын және седан деген екі түрі құрастырылатыны белгілі болды. Италияның көлік дизайны бойынша атақты компаниясы Pininfarina алғашқы прототиптерді ұсынды. Содан кейін Гемлик аймағында (Бурса) зауыт салына бастады. Ал Farasis компаниясы литий-ионды аккумуляторларды жасауды өз міндетіне алды.

Алдағы уақытта Togg – C-класс седан 2024 жылы, C-класс хэтчбек, B-класс SUV және C-класс компактвэн электрокөліктері 2030 жылы нарыққа шығады.

Ал, T10X автомобильдері 2023 жылы 14 наурызда (алдын ала тапсырыспен) сатылымға шықты. Толық қуатпен 314 шақырымды бағындыратын стандартты нұсқасы 1 млн түрік лирасы (16 млн 522 000 тг), ал 523 шақырымға қуаты жететін нұсқасы 1 млн 600 000 түрік лирасы (26 млн 432 000 тг) тұрады. Олар елдің батысындағы Бурса провинциясында құрастырылып жатыр. Өндірушілердің айтуынша, электромобилді 30 минутта 80 пайызға дейін қуаттауға болады. Алдағы 1,5 жылда Togg электромобилдері тек ішкі нарықта сатылып, кейін Германия, Франция және басқа да Еуропа елдеріне экспортталады деп жоспарланған.