Тоғызбоқ емес Тоғызат
Бұл мақаланы жазуыма себепші болған тоғызқұмалақ (тоғызат) федерациясының атқарушы директоры Серік Ерғалидың 2021 жылғы 6-шы көкекте «Жас Алаш» газетінде шыққан қазақтың коды – құмалақ емес, жылқы деген мақаласы.
Бұл мақала жазылмас бұрын осы күнге дейін басқа спорт түрлерімен айналысып келсем де тоғызқұмалақ ойынынан түсінігім жоқ еді.Құмалақ сөзі қой-ешкінің, түйенің, еліктің, қоянның нәжісі, сиырдың жапасы, яғни боғы немесе тоғызбоқ деуге болады.Тоғызбоқ ойынын түсіну үшін аз уақытта керемет шебер ойыншы болып кетпесек те, үйренуге тура келді. Бұл ойынның 6 мыңжылдық тарихы бар. Ата-бабаларымыз күн (ғұн), сақтардан, түркілерден келе жатқан: қазіргі қазақ, қырғыз, тыва, қарақалпақ, алтай халықтарының ортақ ойыны. Бұл ойында барлық отауы дымсыз жүрісі болмай қалған ойыншының жағдайын «атсырау» дейді. Сол сияқты отаулардың атсыратар, атөтпес деген отаулар бар. Ойыншының басты атрибуты да ат болғаны және бұдан 140 жыл бұрын тоғызат аталғаны белгілі. Тоғызат ойынындағы 162 шардың (тастың) орнына малшылар далада малдың боғын (нәжісін) пайдаланса пайдаланған шығар.Жоқшылық не істетпейді. Оларды кекетіп, құмалақшылар (боқшылар) деген. Отаршылар үшін сұрағанға табылған, ата-бабамыздың ұлттық ойынын кемсітуге айтылған сөз. Бірақ біз өзімізді мәдениетті халықпыз деп санасақ, қате, мәдениетсіз сөзді түзетпейміз бе. Ұят емес пе? Отаршылар қазақ қыздарын, әйелдерін мысқылдан гуля «гулящия» деген. Егер орыс қызына, әйеліне гуля десең басыңды жарады. Сендер неге қазақ қызын, әйелін қорлайсыңдар десем, олар өздері солай атайды дейді. Кейбір қазақтар «гуля» деген не сөз екенін білместіктен мән бермейді. Қазақ халқының сүйікті тағамы етті «бесбармақ», «бешбармақ» жейік деп айтатындар бар.Тағы да отаршылардың қазақ халқын қорлау үшін тапқан сөзі. Бұл сөзді жай айтып қана емес, әдейі жазып қоюдан да тайынбайды. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмағандықтан. Қазақ халқы етті қасықпен, шанышқымен емес, аяғының бесбармағымен жейді деп шығарған. Тазалықты білмейді, лас халық деп санаған. Бұған юстиция, прокуратура да істейтін басшылар да кінәлі. Бұл масқара тоғызбоқ, тоғызқұмалақ, тоғызжапа, тоғызнәжіс деген атаудан, тоғызат деген атауын қайтару үшін премьер-министр Әлихан Смайловтың нұсқауы қажет деп есептеймін. Ол үшін бюджеттен ақша бөлінуі керек.Тоғызат деген жазылуы бар мыңдаған ойын тақтасын шығарса деп сұраймын. 162 тастарын, шарларын ақ түске өзгертсе деймін. Тоғызат кодексі, тоғызат ойынының кітаптарын шығарса құба-құп болар еді.