Тоғжан Қожалы: Халықтың қақын қорғаймын!
Тоғжан Қожалы – азаматтық қоғамның дамуына белсене атсалысып жүрген қазақтың қайраткер қыздарының бірі.
«ХАҚ» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы түрлі бағыттағы қайырымдылық жұмыстарын ұтымды үйлестіре алған қабілетімен қарашаға жақсы таныс.
2019 жылдан бастап, еліміздегі Сайлау науқандарына белсене араласып, тәуелсіз байқаушылар шоғырын қалыптастырды. Яғни сайлауды «терезенің сыртынан» емес, тап қасынан бақылады. Енді өзі де сайлауға түсіп жатыр. Халықты мазалаған мәселені мәжілістің төрінде айтсам, оның шешу жолдарын ұсынсам, дейді. «ХАҚ-тың» жетекшісі халықтың қақын қорғаймын дейді. Төменде – бағдарламасынан бір үзік.
ТОҒЖАН ҚОЖАЛЫ: Әр алматылық үшін!
ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сайлауалды бағдарламасы
Құрметті, алматылықтар!
Біз сіздермен бір қалада тұрамыз, бір көше бойымен жүреміз, дереу шешімді қажет ететін барлық жергілікті мәселелер жайында білеміз. Алматыда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған осы шешімнің мүддесі үшін мен өзімді пікірлес команданың қолдауымен парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлікке ұсынамын.
БІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ, ҚАЛАМЫЗ БЕН АУДАНДАРЫМЫЗДЫ МЕН БОЛАШАҚТА ҚАЛАЙ ЕЛЕСТЕТЕМІН:
✓Мемлекет:
Жергілікті тұрғындар – кез келген мемлекеттің негізгі ресурсы. Бірақ адамдардың еркін өсуі мен дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынуы қажет.
Бүкіл халықтың игілігі үшін саяси және экономикалық бағытты жүзеге асыру – біздің алдымызға қойылған басты мақсатымыз. Бұл мақсатқа қол жеткізудің жалғыз жолы – азаматтардың облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың әкімдері мен барлық соттардың судьяларын тікелей сайлау негізінде барлық деңгейде мемлекетті басқаруға қатысуын, сондай-ақ олардың жұмысының толық ашықтығын және қоғам алдындағы есептілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан білім беруде, медицинада, мансапта, әл-ауқатта, қауіпсіздікте, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, билікті бақылауда, кірістерді бөлуде шынымен қолжетімді және тең мүмкіндіктерге ие ел бола алады.
Қазақстан Еуразияның жүрдек жолдары, дамыған транспорт хабы, заманауи инфрақұрылымы және қуатты адами капиталы бар суперлогистикалық орталығына айналуы мүмкін.
✓Қала:
Алматы – ерекше мәртебеге ие мегаполис. Біздің мақсатымыз – мәртебесіне, ұлтына, табыс деңгейіне және біліміне қарамастан, барлық алматылықтардың әділ, жайлы және қауіпсіз қалада тұруын қамтамасыз ету. Халықтың жалпы білім деңгейі мен әл-ауқатын арттыру, жаппай жұмыссыздықты қысқарту, кәсіпорындар санын көбейту, өндірісті жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қолдау үшін барлық жағдайларды жасау арқылы қойған мақсатқа қол жеткізуге болады.
✓Аудандар:
Қаланың перифериялық аудандары дамып, олардың инфрақұрылымы заманауи шынайылыққа сәйкес келуі және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек.
—
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ЖАЙЛЫЛЫҚ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ӘДІЛДІК ҚАЖЕТ – БІЗ БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕЙМІЗ:
✓Жайлылық:
— Сапалы және қауіпсіз жолдар.
— Көліктің жаңа түрлері.
— Әр шағын аудандарда қолжетімді мектептер, балабақшалар мен клиникалар.
— Заманауи спорт мектептері мен демалыс орындары.
— Жаңартылған тұрғын үй коммуникациялары.
— Қаланың барша ТКШ қызмет көрсетудің еуропалық деңгейі.
— Агрономдар мен өндірушілер тікелей қол жеткізе алатын азық-түлік қоймаларын құру арқылы қаланың әр ауданында азық-түліктің төмен немесе нақты бағаларына қол жеткізу.
— Таза қала.
— Абаттандыру мен көгалдандыруға бюджет қаражатын ұлғайту.
— Қала көшелерін, саябақтар мен су қоймаларын жоғары деңгейде таза ұстау.
— Жылуды, электрмен жабдықтауды және көлік қозғалысын экологиялық нормаларға сәйкес қамтамасыз ету.
— ЖЭО-ны экологиялық стандарттарға көшіру.
— Ауа тазалығын арттыру үшін қажетті шараларды қабылдау.
— Ағынды суларға арналған резервуарлар салу.
— Сейсмикалық талаптар нормаларын қамтамасыз ету.
✓Қауіпсіздік:
— Көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларында бейнебақылау камераларының санын көбейту.
— Көшелерді толығымен жарықтандыруды қамтамасыз ету.
— Тұрғын үйлерде, балабақшаларда және мектептерде қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейін қалыптастыру.
— Полиция қызметінің сервистік модельге көшуін және қызметкерлерінің азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюына қол жеткізу.
✓Әділдік:
— Тұрғындардың қаланы қоса басқаруы. Қала және аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу.
— Барлық аудандар үшін тең даму шарттары.
— Аудандардан жиналған салықтардың, өзге де кірістердің 80%-ын сол аудандардың өз даму мүддесінде пайдалануы.
— Соттардың бейтарап және заңға негізделген шешімдері.
— Заңмен қорғалған азаматтардың құқықтары ең жоғары деңгейде болуы.
— Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй.
— Жастар мен жұмыссыздарды біліммен, қысқа мерзімді оқытумен және жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету.
— Кәсіпкерлер үшін қолжетімді кредиттерді енгізу арқылы жаппай жұмыссыздықты қысқарту.
— Кәсіпорындар санын арттыру.
— Отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту.
— Қоғамдағы және отбасындағы әйелдердің мәртебесін қорғау.
✓Алмалы ауданы:
— Ауданның тарихи, ғылыми және мәдени мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту және оның тарихи келбетін сақтау.
— Құрылыс-сәулет нормаларын қатаң қадағалау.
— Әр шағын ауданда бір балабақша, бір мектеп және бір емхана салу.
— Ауданның тарихи-ғылыми мәртебесі оның экономикалық әлеуетінің басты күшіне айналады.
✓Түрксіб ауданы:
— Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдары арасындағы барлық ауданды қамтитын теміржол метро желісін іске қосу;
— Қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымы: Райымбек станциясы мен Алматы-2 вокзалы арасында көлденең эскалаторы бар жабық жаяу жүргіншілер көшесін салу;
— Ауданның табиғи және экономикалық әлеуетін жан-жақты дамыту;
— Апатты үйлерді бұзып, тұрғындарын жаңа жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету;
— Балаларға арналған үйірмелер мен спорт секцияларын қоса алғанда, әрбір шағын ауданда заманауи жарақтандыру мен қоғамдық кеңістіктер құру;
— Қауіпсіздіктің жаңа деңгейі: бүкіл аумақты бақылау камераларымен қамту.
✓Жетісу ауданы
— Ауданды толық газбен, сумен және электрмен жабдықтау;
— Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдардағы кептелістерді жою;
— Қазіргі заманғы спорт объектілерін салу және балалар мен жастарға арналған спорт секцияларын ашу;
— Мектептер, көпсалалы колледждер мен жатақханалар санын көбейту;
— Жаңа алматылықтар үшін сапалы жатақханалар салу және қолжетімді тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру.
БІЗДІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫМЫЗ:
Мемлекет:
— Тәуелсіз халық;
— Геосаяси мүмкіндіктерге толы ел.
Қала:
— Жергілікті өзін-өзі басқару: әкімдерді сайлау;
— Әділ қоғам;
— Алматының ерекше мәртебесі: ерекше қаланың ерекше тұрғындары жайлылық пен қауіпсіздік.
Мен, Тоғжан Қожалы, ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат, жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асырудың әрбір алматылық үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін.
Менің мақсатым анық: Мен бұл міндеттерді күн тәртібіне шығарып, Сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асырамын!
*Кандидаттың жеке қорынан төленді