Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:05, 16 Наурыз 2023

ТОҒЖАННЫҢ ХАТЫ

None
None

Бір мандатты округтер арқылы сайлауға ат қосқан тәуелсіз кандидаттардың топ жаруы – бір ғана жағдайда мүмкін.

Егер сайлаушылар қапысыз сенім артып, жабыла дауыс берсе, ол үміткер міндетті түрде депутат атанады. 2004 жылдан кейін алғаш рет қолданысқа енген мажоритарлық жүйенің берер мүмкіндігі де осы. «ХАҚ» қоғамдық қайырымдылық қоры мен қайраткерлік болмысы арқылы қарашаға етене таныс Тоғжан Қожалының да бұл мүмкіндікті пайдалауға әбден қақы бар. Сондықтан төмендегі өз қолымен жазған хатын сайлаушыға айтқан сыры десек те, халыққа жасаған құлаққағысы десек те, жарасатын секілді. Құрметті Алматы тұрғыны, қадірменді сайлаушы!

Бұл хатымды Сізге арнап жаздым.

Бізді, тәуелсіз кандидаттарды жақынырақ тануыңызға – билік тым қысқа уақыт берді. Мойындаймын, шындығы – осы: біз, тәуелсіз кандидаттар халықтың қолдауынсыз – Мәжіліске де, мәслихаттарға да бара алмаймыз. Сондықтан Сіздің қолдауыңыз аса қажет, өте маңызды. Сайлауға барып, дауыс беру арқылы ғана біз ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Сайлау кезінде үміткерлер уәдені үйіп-төгеді. Ал мен тек бір ғана уәде беремін: егер мені сайласаңыз, мен Мәжілістегі Сіздің депутатыңыз боламын. Көкейіңіздегі кез келген сауал бойынша маған тікелей хабарласа аласыз.

Менің мақсат-мұратым қандай? Қайырымдылық шараларымен айналысқан жиырма жылдан бері халық үшін бар ынта-жігерімді салып қызмет етіп келемін. Бұл маған күш берді, тіпті бұдан да пайдалы қызмет жасауға, өмірімізді кезең-кезеңімен өзгерту жолында еңбек етуге ұмтылдырды. Менің халыққа қызмет етуден басқа мақсатым да, мұратым да жоқ.

Мен Қазақстанның әрбір адам үшін әділетті, қауіпсіз әрі комфортты мемлекет болғанын қалаймын. Еліміздің кең байтақ жері, табиғи байлығы әр адамның бақуатты ғұмыр кешіп, бақытты өмір сүруіне еркін жетеді. Мұндай елде ешкім болашағына күмәнмен қарап, ұрпағының келешегіне алаңдамауы керек.

Бұл қалай жүзеге асады, қалай тікелей байланыс орнатуға болады? Мен секілді тәуелсіз кандидаттардың партия өкілдерінен басты айырмашылығы сол, олар Сіздің мүддеңізді не мәжілісте, не мәслихатта ешқашан қорғай алмаған. Ал мен ата-анасының тәрбиесімен, өзінің білім-парасатымен, жігерлі мінезімен халыққа танылып, сол халықтың мүддесін қорғауға бекінген қазақтың қарапайым қызымын!

Мен сайлауалды кезеңінде ғана емес, әрдайым байланыста боламын, сондықтан Сіздерге, құрметті сайлаушыларға, Парламенттегі депутатыңызбен әрдайым байланыса алатын телефон нөмірін (8-771-377-77-73) беріп отырмын. Бұл қадам менің шынайылығым мен ойға алған жоспарымның айқындығына күмән қалдырмайды деп үміттенемін.

Құрметпен, Сіздің кандидатыңыз ТОҒЖАН ҚОЖАЛЫ

Кандидаттың жеке қорынан төленді. 

Тегтер: